Қартайғанның белгісі #3567:
Сүлік қойдыра бастайды екенсің.
1
104
Көзге коррекция жасату үшін диагностикаға барғам ғой.
Сөйтсем көздің ішкі тор қабығы ажырай бастапты. Баяғыда бір соққы тиіп еді, содан қалған жарақат жазылмай, асқына берген екен. Енді бір үш-бес жылда соқырайып қалар едің дейді дәрігер.
Сөйтіп операция жасатып қайттым.
3
9
215
Ұзақ жылдар ішінде алғаш рет - бәлкім, тіпті өмірімді бірінші рет болуы да кәдік - Етүбке “Тәтті сезім, жақсы вайб, бақыт пен қуаныш сыйлайтын, сездіретін музыка” деп жазып іздедім.
4
120
Енеңді ұрайынның Тиктогы. Ұзақ рейстің дәл алдында неше түрлі авиа оқиғаның видеосын көстеңдетіп көрсете береді. Онсыз да әрең жүрсем, жел шайқаған түйенің көкте ұшқан ешкі досы құсап, қалай жетемін, ұшақ шайқалса, қалай мазам болады деп.
1
81
Сөзділ 7 5/7
⬛🟩⬛⬛🟩⬛
⬛🟩⬛⬛🟩⬛
⬛⬛🟩⬛⬛⬛
🟩🟩🟩🟩🟩⬛
🟩🟩🟩🟩🟩🟩
wordle.kz
Бес әріпте “алқаш” деген сөздің болмағаны ашуландырып еді, алты әріпте не табар екем 😂
1
1
143
Бұл жалғанда жәй ғана сөйлеп отырған Ева Гриннен артық - тек французша сөйлеп отырған Ева Грин ғана.
5
127
Қыз - жанашыр деген, ә?
Әлия екеуіміз ұшып түстік: 40 градус боп ауырып жатырмыз. Әлима мен Зере шырқырап, жанымызда жүр - “Температураңды өлше”, “Су іш”, “Қазір үстіңді жабам”, “Шәй іш”, “Мә, парацетамол”…
Жылағың келеді.
1
11
209
Бір бала бар дейді,
Қайда екені белгісіз,
Әлде тірі, әлде өлі бір бейбақ,
Өлі болса, тірі жанға белгісіз,
Тірі болса, түрі адам көргісіз,
Ішкені - ірің,
Мекені - көр,
Білгені - ақ.
3
100
Әуп деп қаңтарға бір ілініп алсам, ар жағында Тайландтың да ауылы алыс емес. Әйтпесе, “шықпа, жаным, шықпалап” қалдым. Жылдың соңына деген жеккөрушілігім кезекті рет нығая түсті. Түнгі 11-де жұмыстан шығып, таңғы бесте тұрып ары қарай жұмыс істеу немді алған, әйтпесе, иә, братым?
1
1
143
Как же заебали эти сервисы, колл-центры которых не могут вразумительно ответить на самые, блядь, простые вопросы по твоим же, я-их-рот-топтал, деньгам.
Самое время начать писать многочисленные жалобы во всевозможные органы и Спортлото, и начать тегать, изливая желчь. Ну а хули.
2
1
129
Скат дегенде жүрегім шайлығып тұрады, мойындаймын. Бірақ соңғы бір жылда тұрақты түрде жұмсақ көтеріліп, жұмсақ ұшып, жұмсақ қонып жүргенім - осы Скаттың рейстері. Оны да мойындаймын.
1
3
146
Есейгеніңнің #98-белгісі:
Қызылмияның сиропы бұрынғыдай жеккөрінішті емес. Тіпті тәтті дәмі ұнайтын секілді, оның үстіне Егермейстердің дәмін еске сала ма, бірдеңе.
1
6
196

